Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Алматыға әлемнің жеті елінен жетекші неонатологтар келді
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 25/09/2024

Алматыға әлемнің жеті елінен жетекші неонатологтар келді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

АҚШ-тан, Франциядан, Швециядан, Литвадан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Польшадан келген неонатологтар қазақстандық әріптестерімен бірге 25 және 26 қыркүйекте Алматыда өтіп жатқан ғылыми-практикалық конференция алаңында кездеседі. Конференция Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр және жаңа туған, шала туған балаларға медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға және еліміздегі неонаталдық өлім-жітім көрсеткіштерін одан әрі төмендетуге бағытталған.

Бұл форумда әртүрлі елдердің жетекші мамандары неонатология саласындағы негізгі мәселелерді, соның ішінде алтын сағатта жаңа туған нәрестені алғашқы реанимациялаудағы, шала туған және ауру нәрестелерді қолдау үшін арнайы тамақты қолданудағы үздік тәжірибелерді, респираторлық қолдаудың халықаралық тәсілдерін, жаңа туған нәрестелердің инфекцияларымен күресті, жоғары қатерлі жүктілік кезінде бақылаудың прогрессивті тактикасын және басқа да өзекті тақырыптарды талқылайды.

Конференцияны «Астана медицина университеті» КЕАҚ және AYALA қайырымдылық қорының қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы бойынша Қазақстан акушер-гинекологтары мен неонатологтарының конгресі ұйымдастырды.

ҚР штаттан тыс бас неонатологы және Қазақстан акушер-гинекологтары мен неонатологтары конгресінің президенті Бектұрған Карин бұл конференцияның өткізілуі бүкіл Орталық Азия өңірінде неонаталдық өлім-жітімді азайтуға елеулі үлес қосып, неонатология мен перинатологиядағы халықаралық және өңірлік көшбасшылармен ынтымақтастықты одан әрі жемісті етуге көмектеседі деп есептейді.

«Қазір Қазақстандағы неонаталдық қызмет перинаталдық орталықтардың, перзентханалардың мыңдаған дәрігерлері мен медбикелерін біріктіреді, олар медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін үнемі жұмыс істейді. Сапа бірінші кезекте дәрігерлердің де, орта медициналық қызметкерлердің де біліміне, тәжірибесі мен дағдыларына байланысты. Сондықтан жетекші халықаралық тәжірибешілердің қатысуымен конференциялар өткізу – елдегі неонатологияны дамыту үшін өте маңызды. Біз білім беру бастамаларымызды көптеген жылдары бойы қолдағаны үшін AYALA қайырымдылық қорына ризашылығымызды білдіреміз», — деп атап өтті Бектұрған Қарин.

UNICEF пен ДДҰ деректері бойынша Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында әрбір мың нәрестенің 23-і бір айға да жетпей қайтыс болды. Қазір жағдай бірнеше есе жақсарды. 2022 жылдың соңында нәресте өлімі 5 промилледен төмен болды. Бұл Еуропалық одақ елдеріне өте жақын және Орталық Азия елдері арасындағы ең жақсы көрсеткіш. AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова дәл осы үздік халықаралық сарапшылардың озық практикалық білімдерімен алмасу Қазақстанға неонаталдық өлім-жітім көрсеткішін айтарлықтай төмендетуге қол жеткізуге көмектескеніне сенімді.

«AYALA қайырымдылық қоры 14 жылдан бері тегін шеберлік сыныптарын, семинарларды ұйымдастырып келеді, қазақстандық неонатологтардың, медбикелердің, акушерлердің кәсіби құзыреттерін дамытуға көмектесу үшін конференцияларды қолдайды. «AYALA академиясы» онлайн-платформасын қазақ тіліндегі кез келген мобильді құрылғыдан қолжетімді тегін бейне курстарымен белсенді түрде дамытудамыз. Бірнеше жылдан бері түрлі елдерден неонатологтар мен неонаталдық медбикелерді біріктіре отырып, онлайн-клубтар өткізуге көмектесеміз. Дәрігерлеріміздің алған білімі мен ең үздік халықаралық тәжірибені күнделікті қолдануы Қазақстандағы неонаталдық медициналық көмек ретінде нағыз серпіліске негіз болды», — деп атап өтті Айдан Сүлейменова.

AstraZeneca, Baxter, MedConceptService, Drager және Acino компаниялары демеушілік еткен конференцияда Paris-Saclay университеттік ауруханалары (Франция), Кливлендтегі Cleveland Clinic Children’s and Pediatric Institute (АҚШ), Santaros Klinikos Вильнюс университеті ауруханасы, Sahlgrenska университетінің Сильвия патшайым балалар ауруханасы (Швеция), Познань медицина ғылымдары университеті (Польша), Неонаталдық мәселелер жөніндегі республикалық перинаталдық орталық (Өзбекстан), Ана мен баланы қорғау ұлттық орталығы (Қырғызстан), Алматы қаласының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, Астана медицина университеті, Түркістан, Өскемен, Қарағанды, Қызылорда, Тараз қалаларының облыстық перинаталдық орталықтары және басқа да жетекші қазақстандық медициналық мекемелер сияқты медициналық орталықтардың медицина ғылымдарының 26 кандидаты, профессорлары мен сарапшылары баяндама жасады.

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Алматы Бектұрған Карин Қазақстан акушер-гинекологтары мен неонатологтарының конгресі ҚР Неонатологтар
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.