Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 7 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Батыс Қазақстанды су тасқынынан кейін қалпына келтіруге 100 млрд теңге бөлінген
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 24/09/2024

Батыс Қазақстанды су тасқынынан кейін қалпына келтіруге 100 млрд теңге бөлінген

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Үкімет отырысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірде су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу және қалпына келтіру жұмысының толық аяқталғанын айтты.

Облыста жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеге 9 994 отбасы біржолғы төлем алған. 10 222 отбасына 3,7 млрд теңгеге материалдық өтемақы төленген.

Зардап шеккен үйлерді жөндеуге 4,3 млрд теңге бөлініп, 42,3 млрд теңгеге 2 015 пәтер сатып алынған және 775 жаңа тұрғын үй салынған.

Құрылыс жұмысына 60-тан астам жергілікті компания мен екі мыңға жуық адам жұмылдырылды.

Сонымен қатар Сырым ауданында алдында жүргізілген техникалық тексеру нәтижесінде жөндеуге жатқызылған бірқатар тұрғын үйде уақыт өте келе іргетастары шөгіп, қабырғаларында жарықтар пайда болды. Әкім тұрғындардың өтініштері негізінде қайта техникалық тексеру жүргізіліп, тағы 38 жаңа тұрғын үй салу туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

Құрылыс жұмысы 3 қыркүйекте басталған және биылғы 15 қазанға дейін аяқталмақ.

Әкімнің сөзіне сүйенсек, бұдан бөлек, Орал қаласында қайталама нарықта пәтер сатып алу бойынша жұмысты ұйымдастыру барысында көпбалалы отбасылардан жеке тұрғын үйлер салу бойынша өтініштер түсті. Осыған байланысты, қысқа мерзімде Орал қаласының Деркөл кентінде 28 қосымша тұрғын үйдің құрылысы басталды. Құрылыс 1 қазанға дейін аяқталады.

Сонымен бірге тасқыннан кейін жол учаскелері мен зардап шеккен объектілерді, инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмысы жүрді.

Жалпы облыс бойынша су тасқыны салдарын қалпына келтіруге барлық көздерден 100 млрд теңге бөлінген.

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 2 576 үйдің құрылысы аяқталды

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға арналған 2 576 үйдің құрылысы аяқталғанын мәлімдеді. Жалпы құрылыс мамыр айының соңында басталып, төрт ай ішінде аяқталып отыр.

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Атырау облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы 100% аяқталды. Құрлыс Ақмола (38 үй) және Батыс Қазақстан өңірлерінде (66 үй) жалғасып жатыр.

Айтып өтелік, көктемгі су тасқыны салдарынан Қазақстанда барлығы 17 603 үй зардап шекті, оның 8 447-сі кейіннен апатты деп танылды.

Мемлекет жаңа үйлер салудан бөлек, қайталама нарықта 5 767 бірлік тұрғын үй сатып алды.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккен 34 мыңнан астам отбасы жалпы сомасы 12,6 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алғанын айтты.

Вице-премьердің сөзінше, биылғы су тасқыны 120 мыңнан астам адамның өміріне әсер еткен.

Сурет: primeminister.kz

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Батыс Қазақстан Нариман Төреғалиев Су тасқынынан кейін қалпына келтіру Үкімет отырысы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Алматыда кеден бекетінен заңсыз тауарларды өткізген топ сотталды

04/07/2025
sarapshy.info

Парамен ұсталған екі вице-министр сот санкциясымен қамауға алынды

03/07/2025
жаңалық

БҚО-да 460 мың киік ауланады

03/07/2025

Жаңа мақалалар

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

Экономика 04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

Экология 04/07/2025

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

Шолу 04/07/2025

Алматыда кеден бекетінен заңсыз тауарларды өткізген топ сотталды

sarapshy.info 04/07/2025

Парамен ұсталған екі вице-министр сот санкциясымен қамауға алынды

sarapshy.info 03/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

04/07/2025

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

04/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.