Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Елімізде бір грамм алтынның құны 40 мың теңгеден асты
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 23/09/2024

Елімізде бір грамм алтынның құны 40 мың теңгеден асты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда алтынның бағасы шарықтап, бүгін тағы бір рекорд жаңартты. Қазір елде бір грамм алтынның құны 40 мың теңгеден асады. Былтыр бағалы металды сатып алған азаматтардың қазір жылдық табысы 40 пайызға жуықтаған.

Ұлттық банктің мәліметінше, бір грамм алтынның құны 40 144,06 теңге болды. Бағаның осылай көтерілуіне әлемдегі саяси және экономикалық оқиғалар әсер еткен.

Айтып өтелік, биылдыққа алтын 10 мың теңгеге қымбаттады. Мәселен, 3 қаңтарда Ұлттық банктің есебі бойынша 1 грамм алтын 30 323 теңге 51 тиынға бағаланған.

«Дүниежүзілік Алтын кеңесінің» (World Gold Council) мәліметі бойынша, 2022 жылдың 1 маусымында Қазақстанның алтын қоры 373,4 тонна болған. Қазір ол көрсеткіш 310 тоннаға дейін төмендеді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің дерегі бойынша осы жылдың екінші тоқсанында елімізде жалпы салмағы 779,2 келі болатын 14 752 құйма алтын сатылған.

Халыққа тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан еді. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 7 тонна 185 295 алтын құйма сатылды.

Сондай-ақ екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес пунктер жалпы салмағы 1 тонна 38 374 алтын құйманы кері сатып алған. Бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 21%-ы.

Сурет: pixabay.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Алтынның құны Дүниежүзілік алтын кеңесі ҚР Рекорд жаңарды Ұлттық Банк
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.