Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 15 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Өнеркәсіпті дамытуға бөлінген 25,9 млрд теңге тиімсіз жұмсалған – мемлекеттік аудит
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 19/09/2024

Өнеркәсіпті дамытуға бөлінген 25,9 млрд теңге тиімсіз жұмсалған – мемлекеттік аудит

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жоғары аудиторлық палата өнеркәсіптік-инновациялық салаға аудит жүргізді. Аудиттің негізгі бағыты – өңдеу өнеркәсібі жобаларының қаржыландырылуы болды.

Аудиторлық қорытындыда белгілі болғаны, 2016-2023 жылдары Қазақстан өңдеуші секторды дамытуда бірқатар нәтижелерге қол жеткізген. Мәселен, өнім өндіру көлемі 2016 жылғы 8 трлн теңгеден 2023 жылы 22 трлн теңгеге дейін өсті. Осы кезеңде өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 878 млрд теңгеден 1,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Өндірілген тауарлар экспортының деңгейі де өскен. 2022 және 2023 жылдары ең жоғары көрсеткіштер тіркелген, ол сәйкесінше $27 млрд пен $23 млрд жетті. Атап айтқанда, 2023 жылы жалпы экспорттағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 29%-ды құрады. Тұтастай алғанда, Қазақстан басқа елдерге орташа және жоғары технологиялық күрделіліктегі тауарларды жеткізуді арттырып жатыр.

«Өңдеу өнеркәсібін қолдайтын негізгі даму институттары – «Қазақстанның Даму банкі» АҚ және оның «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ еншілес ұйымы. 2019-2023 жылдары олар 2,4 трлн теңгеге салалық жобаларды қаржыландырды. Бұл негізінен металлургия және тамақ өнеркәсібіне, машина жасауға, сондай-ақ резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруге қатысты.

Сонымен бірге мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша экологиялық және инновациялық жүктемесі бар жобаларды қаржыландыру үлесінің төмендігі байқалады. Сондай-ақ дайын өнімдер, жеңіл және фармацевтикалық өнеркәсіп сияқты басымдыққа ие бағыттар қолдау шараларымен қамтылмаған», — делінді аудит қорытындысында.

Сонымен қатар жеңілдетілген қаражат түпкі алушыларға ұзақ жетеді. Бұл жалпы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне теріс әсер етуі мүмкін. Тіпті Үкімет резервінен шұғыл іс-шараларға көзделген қаражатты да кешіктіріп пайдалану фактілері кездескен.

Отырыс барысында Әлихан Смайылов жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру сапалы дайындық жұмыстары есебінен бірнеше есе жылдам жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті. Яғни, жобаларды қаражат бөлінгенге дейін алдын-ала қарап, дайындау қажет.

«Бюджеттен ақша экономикаға белсенді инвестиция салуға және сол арқылы салық базасын кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын құруға, оны қолдауға бөлінеді. Ал сіздер сол қаражатты жедел үлестірудің орнына сақтап отырасыздар. Мемлекеттен ақша алып, оны депозиттік шоттарда ұстайсыздар, ал бұл қаражатты бюджет шеңберінде басқа да маңызды инфрақұрылымдық жобаларға бөлуге болар еді», — деді ҚР Жоғары аудиторлық палата төрағасы квазимемлекеттік компаниялардың басшылығына.

Аудит барысында «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-ның экспорттаушыларды қаржыландырудың нысаналы бағыты бойынша ұқсас бағдарламаларын әртүрлі шекті сыйақы мөлшерлемемен қатар іске асырғаны да анықталған.

«Бұл белгілі бір қарыз алушыларға арзан кредит беру тәуекелін тудырады және мұндай шараларға тең қолжетімділік негіздерін бұзады. Мәселен, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ жекелеген қарыз алушылар үшін белгіленген шектен 1-2,5% төмен мөлшерлемемен несие берген. Мемлекеттік аудиторлар қалыптасқан ірі бизнес, басқаша айтқанда контрагенттердің айрықша тобын қаржылай қолдаудың жалғасуына ерекше назар аударды. «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-ның бес жылдағы барлық кредиттік, лизингтік және инвестициялық портфельдерінің жартысы осы артықшылық берілген топтарға тиесілі, бұл оның іс жүзінде «таңдаулы тұлғалар тобына арналған жеке банк» болып қала беруін көрсетеді. Тұтастай алғанда, бұл тәсіл жеңілдетілген қаражатқа тең қолжетімділік және оларды әділ бөлу қағидаттарын бұзады» — деп айтылды жиында.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ үшін қаржыландырудың басым бағыттары айқын әлеуметтік-экономикалық әсері бар лизингтік келісімдер болуы тиіс. Алайда жобаларды іріктеу барысында күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсерге бағалау жүргізілмейді. Тиісті әдістеме де жоқ.

Сонымен қатар мемлекеттік аудит өнім экспорты бойынша қарсы міндеттемелер қарыз алушыларды оны ұлғайтуға ынталандырмайтынын анықтады.

Бұл қолданыстағы экспорт көрсеткіштері несиелік келісімге сәйкес келетін жағдайларға қатысты. Бұл тәсіл мемлекеттік ресурстарды тиімсіз бөлу және қаржыландырудың арзан көзі ретінде акционерлерге дивидендтер төлеу және банктердегі депозиттерге орналастыру сияқты басқа мақсаттарға пайдалану қаупін тудырады.

Палатаның қорытындысында экспортты бағалау кезінде компанияның қызметіне байланысты барлық өнім бойынша сыртқы экономикалық қызметтен түсетін жалпы түсімдердің ескерілгені айтылды. Ал мемлекеттік қолдау шарасы қаржыландыру көзделген өнімнің белгілі бір түрінің экспорт көлемін кеңейту үшін ұсынылады. Әсерінен іс жүзінде қолдау көрсету көзделген тауарды өндіру қажет болмайтын жағдай туындайды.

«Экспорттың қарсы міндеттемелерінің ыңғайлы етіп жасалғаны соншалық, қарыз алушылардың экспортты ұлғайтуға ынтасы жоқ. Нәтижесінде қолдау көрсетілген кәсіпорындардағы экспорт үлесі 2020 жылдан бастап жалпы экспорт көлемінде екі есеге, яғни 9,1%-дан 4,5%-ға дейін төмендеген. Ал ірі даму институттарымыздың бірі ретіндегі Қазақстанның Даму банкінің миссиясы – өңдеу өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін ілгерілету», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ тәуекел деңгейі жоғары жобаларды қаржыландыру жағдайлары анықталған.

Аудиторлық іріктемеге түскен осындай жобалар бойынша қаржылық жағдайының нашарлауы, өнім экспорты бойынша жоспарлардың орындалмауы және төлемдердің кешіктірілуі байқалады. Олардың ішінде екеуіне экономикалық дефолт статусы берілді.

Мемлекеттік аудит барлығы 439 млрд теңгеден астам қаржыны қамтыды. Нәтижесінде:

  • 1,2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар;
  • 25,9 млрд теңгеге қаражатты тиімсіз жоспарлау және пайдалану;
  • 64 рәсімдік бұзушылық және тоғыз жүйелік кемшілік анықталды.

Есептеулерге сәйкес жіберіп алған пайда мен экономикалық шығындар 15,8 млн теңгені құраған.

Еске салсақ, осыған дейін Жоғары аудиторлық палата бюджет шығыстарын жоспарлауда кемшіліктер барын анықтады.

«Жалпы 4,6 трлн теңгені қамти отырып, талдау қорытындысы бойынша 117 млрд теңгені қайта бөлу, 12,2 млрд теңгені қосымша қарастыру, 3 млрд теңгені оңтайландыру ұсынылады», — деп мәлімдеген еді Жоғары аудиторлық палатадан.

Сондай-ақ, аудиторлық палата «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингін, сонымен қатар компаниялардың еншілес мекемелерін тексеруді бастады.

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палата Өнеркәсіптік-инновациялық сала
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Иран Израиль аумағына 100 баллистикалық зымыран атқылады

Әлем жаңалықтары 14/06/2025

Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді

Экология 10/06/2025

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

Сұқбат 06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

Экология 06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

Экономика 06/06/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Иран Израиль аумағына 100 баллистикалық зымыран атқылады

14/06/2025

Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді

10/06/2025

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

06/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.