Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Үкімет резервінен су тасқынын болжайтын зерттеулерге 576 млн теңге бөлінді
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 13/09/2024

Үкімет резервінен су тасқынын болжайтын зерттеулерге 576 млн теңге бөлінді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Үкімет су тасқынын алдын ала болжайтын батиметриялық зерттеулерге 576 млн теңге жұмсамақ.

«Бөлінген қаражат Су ресурстары және ирригация министрлігіне бағытталады. Қаржыландырудың негізгі бөлігі жабдықтар мен техникалық жарақтарды сатып алуға, сондай-ақ зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтерге арналатын болады. Атап айтқанда, қаражатты «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Су метрология» филиалына тікелей еліміздің солтүстік, батыс және орталық өңірлерінің су тасқыны қаупі бар учаскелеріне батиметриялық түсірілім жүргізуге бағыттау жоспарланып отыр», делінген Үкіметтің хабарламасында.

Республикалық маңызы бар су қоймаларына батиметриялық зерттеу жүргізуді қоса алғанда, жұмыс 2025 жылы жалғасады.

Алынған деректер ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ға су тасқынын болжау және модельдеу ақпараттық жүйесіне енгізу үшін берілмек.

Еске салсақ, мамырда вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен жиында Нидерландыдан келген ғалымдар су тасқынының алдын алуға қатысты жаңа шешімдер ұсынатыны айтылды. Арнайы IT-шешімдер енгізіліп, SKYMAX цифрлық карта-схемасы мен hydro.gov.kz платформасы іске қосылмақ.

Тиімді гидромониторинг үшін елімізде гидропосттар саны артады. Қолданыстағы 377 гидропостқа тағы жаңа 139 нысан қосылады. Олар су тасқыны қаупі бар аумақтар мен трансшекаралық өзендерде орнатылады.

Айтып өтелік, осыған дейін Қаржы министрлігі су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда инфрақұрылымды қалпына келтіруге Үкімет резервінен 48,8 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеді.

Қазірге дейін су тасқынынан зардап шеккен 7 463 отбасы жаңа қонысқа көшті. Сонымен қатар жақында 479 баспананың құрылысы аяқталады. 9 171 отбасыға жөндеу жұмысы үшін өтемақы төленді.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 БҚО Гидромониторинг ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқыны Үкімет резерві
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.