Алматыда Әл-Фараби даңғылында үш адамның қазасына әкелген жол апатына күдікті жүргізуші ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Жол апатынан кейін күдікті ауруханаға түскен.
Естеріңізге сала кетейік, 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында қатты жылдамдықпен келе жатқан ZEEKR көлігі қарсы жолаққа шығып, Mercedes автокөлігімен соқтығысты. Апат салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тапты.
Оқиғадан кейін Алматы полиция департаментінің бірнеше қызметкері қызметінен босатылды.
Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
фото: freepik.com

