Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: күдікті қамауға алынды
Дария Ғұмар жаңалық 27/03/2026

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: күдікті қамауға алынды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Алматыда Әл-Фараби даңғылында 3 адамның өліміне әкелген жол апатына күдікті азамат ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Оқиғадан кейін бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды. Атап айтқанда, Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция мен қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының жетекшілері қызметтерінен кеткен.

Апаттан кейін Алматы полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары атқаратын қызметтерінен босатылды деген ақпарат тарады.

Қайғылы оқиға 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби мен Мендікұлов көшелерінің қиылысында болған. Жолда Mercedes және Zeekr көліктері соқтығысып, апат салдарынан үш адам қаза тапты. Mercedes көлігінің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Zeekr көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Полиция мәліметінше, ол апат кезінде мас күйде болған.

Жол апатынан кейін мемлекетке тиесілі қызметтік нөмірді заңсыз беру дерегі бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Бұл істі ІІМ-нің ішкі қауіпсіздік департаменті тексеріп жатыр. Айта кетейік, ZEEKR автокөлігінің нөмірінде «QR» комбинациясы болған.

Желіде бұл апатқа көлік жарысы себеп болуы мүмкін деген болжам тарады. Полиция бұл ақпаратты растаған жоқ.

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2026 Алматы жол апаты Полиция департаменті
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.