«ҚазТАГ» ақпарат агенттінінің басшысы Асет Матаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Ер адам мас күйінде бұзақылық жасағаны үшін изоляторға қамалды.
Оқиға 18 наурызға қараған түні Алматыдағы Достық даңғылындағы барлардың бірінің маңында болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, екі ер адам мас күйінде өзге азаматтармен жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан.
Кейін Матаевтың адвокаты оған бірнеше адам шабуыл жасап, жарақаттағанын мәлімдеді. Полиция дерегінше, жанжалды Матаевтың өзі бастаған.
фото: Instagram / @matayev.asset
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

