Ақтөбеде жалған медициналық анықтама сатып, табыс тапқан медбике ұсталды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаменті хабарлады.
Күдікті бір құжатты 5 мыңнан 10 мың теңгеге дейін сатқан.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы медбикені емхана ішінде ұстаған. Тергеу мәліметінше, ол 40 адамға жалған құжат жасаған.
Күдікті танысымен алдын ала сөз байласып, №075 және №086 анықтамаларын және медициналық кітапшаларды заңсыз дайындап, сатуды жоспарлаған.
фото: istockphoto.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

