2026 жылдың соңына дейін Қазақстан ұшақтарына интернет қосылуы мүмкін. Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл елге жаңа Boeing 787 Dreamliner ұшақтарын жеткізу жоспарланып отыр. Жаңа ұшақтар ішкі және халықаралық рейстерде пайдаланылады. Аталмыш әуе кемелерінің борты интернетпен жабдықталмақ. Өзге ұшақ борттарына интернет қосу туралы сөз қозғалмады.
Сонымен қатар мамыр айынан бастап музыкалық аспаптарды қол жүгінде тасымалдауға рұқсат берілуі мүмкін. Қазір аспаптарды алып жүру үшін қосымша орын сатып алу керек.
Қол жүгіне қандай аспаптарды өткізуге болатыны әлі нақтыланбады.
фото: freepik.com

