Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Елімізде «Ұмай» әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 12/09/2024

Елімізде «Ұмай» әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасы 2025 жылы қайтадан іске қосылады. Бұл жөнінде «Отбасы Банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Ипотека арқылы баспана алу үшін алғашқы жарна ретінде несиенің 20 пайызын «Отбасы» банкінің депозитінде сақтау қажет. Іріктеу кезінде депозиттегі жинақталған сыйақының көлемі маңызды рөл атқарады. Қатысушыларға кезекте тұрудың қажеті жоқ. Ал пәтерді кез келген қаладан немесе ауылдан сатып алуға болады. Бұрын Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларына өтінімдер көлемі бойынша шектеулер болды. Енді бұл шектеулер де болмайды», — деп жазды Нұрлан Ақшанов. 

Бағдарламаға кез келген отбасылық мәртебеге ие әйел қатыса алады. Сатып алынатын баспананың шекті құны 30 млн теңгеден аспауы тиіс. Ипотекалық несиенің мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін.

Сонымен қатар жобаға қатысу үшін қойылатын кіріс талабы өзгерген. Енді кірістің максималды сомасы – 900 000 теңгеден астам сомаға айтарлықтай ұлғайтылып отыр. Шамамен осы сомаға дейін табысы бар тұлғалар бағдарламаға қатыса алады.

Нұрлан Ақшановтың айтуынша, әзірге филиалдарға барудың, 300 нөміріне қоңырау шалудың не кеңесшілерге жүгінудің қажеті жоқ.

«Ханымдар мен қыздар, осы хабарландыруды оқып, шарттарды талдап көріңіз. Депозитіңізді тексеріп, оны толтыруды ойлаңыз немесе депозит ашып қойыңыз», — деп жазды ол.

Айтып өтелік, «Ұмай» – ресми табысы бар, жұмыс істейтін әйелдерге арналған ипотека. Бағдарлама 2021-2023 жылдар аралығында іске қосылды.

2021 жылы «Ұмай» бағдарламасы басталған кезде, бірінші транш аясында, жалпы көлемі 8,4 млрд теңгеге 954 қазақстандық қыз-келіншек қарыз алды. 2022 жылы 14 млрд теңге бөлінді. Аталған қаражатқа 1 119 бұрымды баспана алып, қоныс тойын тойлады. Ал 2023 жылы бағдарламаға 15,6 млрд теңге жұмсалды.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Отбасы Банкі» АҚ «Ұмай» әйелдер ипотекасы 2024 Нұрлан Ақшанов
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.