2025 жылы елде 335 мың бала дүниеге келді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының есебінен белгілі болды.
Сәбилердің 51,5%-ы ұлдар, ал 48,5%-ы қыздар.
Ең жоғары туу көрсеткіші Түркістан, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген.
Босанған әйелдердің 26%-ы 25-29 жас аралығында, 26,1%-ы – 30-34 жастағы әйелдер.
Өткен жылы туған балалардың 24%-ы – отбасында тұңғыш. 53,5 мыңнан астам сәби отбасының төртінші баласы болып дүниеге келген, бұл жалпы туу көрсеткішінің 16%-ын құрайды.
фото: freepik.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

