Exit poll нәтижесіне сәйкес, референдумға қатысқан қазақстандықтардың 86,7%-ы жаңа Конституция жобасын қолдаған. Бұл туралы Еуразиялық интеграция институты хабарлады.
Exit Poll – сайлау немесе референдум кезінде дауыс беру учаскесінен шыққандар арасында жүргізілетін әлеуметтік сауалнама.
Сауалнама Қазақстанның 17 облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында референдум бөлімшесінен шыққан азаматтар арасында жүргізілген. Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысқан. Зерттеу нәтижелерінің ықтимал қателігі 1%-дан аспайды.
Айта кетейік, азаматтардың референдумда 9 млн адам дауыс беріп, қатысу деңгейі 75,3%-ды құрады.
Батыс Қазақстан облысында 489 референдум учаскесі жұмыс жасады. Өңірде 23 қоғамдық бірлестік референдумға бақылау жүргізген.
фото: freepik.com

