Польшада жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Екатерина Шилованың қаза тапқаны расталды. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
42 жастағы Екатерина Шилова 18 ақпанда Варшава қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен. Ол сол күні кешке Астанаға ұшуға тиіс еді.
Шилованың жақындарының айтуынша, таяуда оларға Екатеринаның атынан түсініксіз хабарлама келген. Хабарламада әйел Германиядан жұмыс тауып, билеттен бас тартқаны айтылады.
Қазақстанның Польшадағы елшілігі Шилованың отбасы мүшелерімен және жергілікті құқық қорғау органдарымен байланыста екенін мәлімдеді.
фото: Facebook / Александра Гидион

