Желіде бала 1,5 жасқа толғаннан кейін де әлеуметтік төлем рәсімдеуге болады деген ақпарат тарады. Нұсқаулықтарда төлем алу үшін баланың ата-анасы жұмыссыз ретінде тіркелуге тиіс делінген.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл деректің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бала күтімі бойынша демалыста отырған әйелдің жұмыс орны сақталады. Сондықтан оның жұмыссыз деп танылуы мүмкін емес.
«Жұмыссыз мәртебесі тек жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге дайын азаматтарға беріледі. Сонымен қатар жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ғана тағайындалады», — делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, 2025 жылы елдің 12 өңірінде мемлекеттік көмеккен қатысты алаяқтық дерегі бойынша 30-дан астам іс қозғалған.
фото: freepik.com

