Республикалық референдумға 369 халықаралық байқаушы тіркелген, деп мәлімдеді орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Оның айтуынша, 38 елден 133 адам және 11 халықаралық ұйымнан 226 қызметкер референдум кезінде бақылау жүргізу үшін аккредитациядан өткен.
«Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді», — деді Әбдіров.
Айта кетейік, таяуда Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы DEMOSCOPE қоғам пікірін қадағалау бюросына «Қазақстандықтардың конституциялық реформаға көзқарасы» тақырыбында сауалнама жүргізуге тыйым салды.
фото: freepik.com
Автор
-
Барлығын қарауМақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

