Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Алматыда мектеп асханаларын тексеретін мониторингтік комиссия құрылады
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 11/09/2024

Алматыда мектеп асханаларын тексеретін мониторингтік комиссия құрылады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Алматыда мектеп асханаларында тамақтану сапасын бақылауды күшейту үшін мониторингтік комиссия құрылады. Бұл жөнінде мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі кеңес барысында Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова айтты.

Ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша мониторингтік топ құру туралы бұйрық бүгін бекітілмек.

Комиссия жұмысын қалалық мектептерде тамақтану сапасын бақылау үшін қала әкімінің өкімі бойынша құрылған ведомствоаралық сараптама тобы (ВСТ) орындайтын болады.

Сонымен қатар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы жоспардан тыс тексерудің нәтижелерін айтты.

«Алматыда 328 мектеп бақылауға алынған. Oның ішінде 322-сінде ыстық тамақ ұйымдастырылған, қалғандарында буфет жұмыс істейді. 215 мемлекеттік мектептегі асханалар жеке кәсіпкерлерге жалға берілді. Бүгінгі таңда білім басқармасының мәліметінше, 54 мектептің асханасын жалға алушылар ауыстырылды. Айта кету керек, жалға алушылар объектінің санитариялық қағидалар талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны уақтылы алуы тиіс», — деді ол.

Кеңес отырысында Қазақ тамақтану академиясының мектептегі тамақтану жөніндегі маманы Вероника Уливанова мектеп асханаларының өндірістік үй-жайларының санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкестігін бағалауды, тамақ өнімдеріне микробиологиялық зерттеулер жүргізу ұсынатынын айтты.

Айтып өтелік, бірнеше күн бұрын Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы мектепте 460-тан астам оқушы тамақтан уланып қалған еді.

96 бала ауруханаға жатқызылып, оның 43-і сауығып, үйлеріне оралған. Бірақ 53 оқушы әлі ем алып жатыр. Мамандардың айтуынша, қазір балалардың жағдайы тұрақты.

Оқушыларды емдеуге Астана медициналық университетінің инфекционистері мен гастроэнтерологтары, Денсаулық сақтау министрлігі Шұғыл медицина ұлттық үйлестіру орталығының мамандары тартылды.

Үкімет басшысы осы жағдайдан кейін бір ай ішінде республикадағы барлық мектеп тексерілетінін айтты.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Алматы қаласы Әсем Нүсіпова ҚР Мектеп асханалары
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.