2025 жылы әзірленген «Мемлекеттік қаржының цифрлы картасы» жобасына бюджет кірістері мен шығыстарын геолокация арқылы көрсету мүмкіндігі енгізілді. Бұл жөнінде Қаржы министрлігі хабарлады.
Жүйе мемлекеттің кірістері мен шығыстарын бақылауға және фискалды чектер арқылы қаражаттың игерілмеу себептерін анықтауға бағытталған. Биыл платформа жасанды интеллектімен толықтырылды.
«Жасанды интеллект өткен жылдардағы мәліметтер негізінде бюджеттің кірістері мен шығыстарын болжауға икемделді. Қаржы сценарийлерін модельдеу көзделіп отыр», — делінген министрлік хабарламасында.
ЖИ мемлекеттік сатып алулар мен кеден рәсімдері үшін де қолданылады.
фото: freepik.com

