Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»БҚО-дағы ауданда жол жобасына бөлінген қаражатты ұрлау схемасы анықталды
Дария Ғұмар жаңалық 25/02/2026

БҚО-дағы ауданда жол жобасына бөлінген қаражатты ұрлау схемасы анықталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында жол жөндеуге бөлінген қаражатты жымқырған топқа қатысты іс сотқа жолданды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі — 56 млн теңге. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

2023 жылдың 27 наурызында Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен «Сапақ» өндірістік кооперативі арасында Жымпиты ауылындағы жолдарды жөндеуге 259 млн теңгенің келісімшарты жасалған.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы дерекке сәйкес, құжатқа бөлім басшысы Тимур Айтқалиев пен кооператив өкілі Әлімжан Қарқынбаев қол қойған.

«Сапақ» ӨК ауылдың Ж.Молдағалиев, Б.Момышұлы, С.Жонысов және Е.Сатаев көшелеріндегі жолдарға күрделі жөндеу жүргізуге тиіс еді. Жұмыс барысында кооператив директоры Бауыржан Сапақбаев «Ак-Би» атты ЖШС басшысымен сөз байласып, бөлінген қаржыны иемдену жоспарын ойластырды, делінген ҚМА хабарламасында.

Тексеріс кезінде күдіктілер асфальт төселгені, жер қазылғаны немесе су құбырлары жүргізілгені туралы жалған дерек келтіріп отырған. Сайып келгенде аталған жұмыстың орындалмағаны анықталды.

Жалған актілер негізінде тапсырыс беруші бюджет қаражатын «Сапақ» өндірістік кооперативінің шотына аударып отырған. Кейін күдіктілер қаржыны өзара бөліскен.

Айта кетейік, бөлім басшысы лауазымына Тимур Айтқалиев 2021 жылы тағайындалған. Бұған дейін Шолақаңқаты ауылының әкімі болған. Аудан әкімдігінде қызмет атқарған.

«Бұған дейін сот үкімімен «Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған», — деді ҚМА баспасөз қызметі.

Сот шешімімен іске қатысы бар адамдардың бірінің пәтері мемлекет есебіне өтті. Күдіктілерге тұрғылықты мекенжайынан кетуге тыйым салынған. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

2019 жылдан бері Сырым ауданы БҚО-дағы ауқымды кен орны  ҚПО компаниясының әлеуметтік көмегінен тыс қалып келеді.

 фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2023 Ақша жымқырған БҚО жол жөндеу жұмыстары Қаржы мониторингі агенттігі Сырым ауданы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.