Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Ресей-Украина соғысының басталғанына төрт жыл болды
Дария Ғұмар жаңалық 24/02/2026

Ресей-Украина соғысының басталғанына төрт жыл болды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне төрт жыл толды. 2022 жылдың 24 ақпанында басталған соғыс пен саяси текетірес әлі жалғасып жатыр.

Төрт жыл бұрын Ресей президенті Владимир Путин Украинада «арнайы әскери операция» басталғанын жариялады. Оның айтуынша, бұл шешім Донбасстағы жағдайға байланысты қабылданған.

Адам шығыны

Украина Бас штабының мәліметіне сәйкес, 2022 жылдан бері соғыста 1,25 миллионнан астам ресейлік сарбаз қаза тапқан.

Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы (CSIS) өткен айда Ресейдің 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап 2025 жылдың желтоқсанына дейін 1,2 миллион сарбазынан айырылғанын растады.

Украина тарапы соғыста қаза болған азаматтар туралы ресми ақпарат таратпайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы 2022 жылғы 24 ақпаннан 2026 жылғы 13 ақпанға дейінгі аралықта Украина аумағында, оның ішінде Ресей бақылауындағы өңірлерде, кемінде 15 172 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын және 41 378 адамның жараланғанын растады.

Расталған қаза болған бейбіт тұрғындардың ішінде кемінде 766 бала бар, ал жараланғандардың ішінде кемінде 2 540 бала тіркелген. Жалпы құрбандар санының 2 780-і қаза тапқан және 4 584-і жараланған жағдайлар Ресей бақылауындағы аумақта тіркелген.

Адам құқықтары жөніндегі басқарма бейбіт тұрғындар арасындағы нақты шығын бұдан әлдеқайда көп болуы ықтимал екенін атап өтті, әсіресе қарқынды ұрыс қимылдары жүрген Мариуполь, Изюм, Лисичанск, Попасная және Северодонецк қалаларында.

Халықаралық із-түзсіз жоғалған адамдар жөніндегі комиссия 2022 жылғы қарашада Украинада 15 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалғанын хабарлаған. 2025 жылғы маусымдағы мәлімет бойынша, Украинаның із-түзсіз жоғалғандар тізіліміне 70 мыңнан астам адам енгізілген.

2025 жылғы 2 наурызда Ресей Федерациясының тергеу комитеті төрағасы Александр Бастрыкин «Ресейдің шекара маңы және тыл аймақтарында» украин тарапының әрекеттері салдарынан 652 бейбіт тұрғын қаза тапқанын, оның ішінде 23 бала бар екенін мәлімдеді. Сонымен қатар 2 980 адам жарақат алған, олардың 169-ы – балалар.

Соғыс хронологиясы

Украинадағы соғыстың алғышарты 2013-2014 жылдардағы Киевтегі саяси қақтығыспен байланысты. Сол кезеңде елде билік ауысып, бұрынғы президент Виктор Янукович қызметінен кетті. Бұдан кейін Қырымда референдум өтіп, 2014 жылдың 18 наурызында Ресей Қырымды өз құрамына қосқанын жариялады.

2014 жылдың көктемінде Донецк және Луганск облыстарында атыс басталып, автономды ұйымдар пайда болды. Сол жылдың 5 қыркүйегінде Минскіде алғашқы бейбіт келісімге қол қойылды. Құжатқа Украина атынан Леонид Кучма, Ресей тарапынан Михаил Зурабов, ЕҚЫҰ атынан Хайди Тальявини қол қойды. Кейін тараптар бітім шарттарын бірнеше рет бұзады.

2022 жылдың 21 ақпанында Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларын тәуелсіз мемлекет ретінде мойындағанын мәлімдеді. Үш күннен кейін, 24 ақпанда Ресей Украина аумағында әскерін кіргізді.

Бітімге келу жолдары

2025 жылы екінші рет АҚШ президенті атанған Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға тырысты. Өткен жылдың жаз мезгілінен бастап Дональд Трамп Владимир Зеленский, Владимир Путин және Еуропа елдерінің басшыларының басын қосып саммит өткізуді жоспарлады.

Трамп бастаған келіссөздер әзірге оң нәтиже бермеді.

Ресейге қарсы санкциялар

Еуроодақ 2022 жылдан бері Ресейге қатысты санкция бекітіп келеді. Қазір Еуропа елдерінің Ресейге қарсы 19 шектеуі күшіне енген. Айта кетейік, таяуда Еуроодақ Ресейге қарсы 20-санкция пакетін келісу мәселесінде ортақ шешімге келе алмады.

24 ақпанда Ұлыбритания үкіметі Ресейге қарсы санкциялар тізімін кеңейтіп, 297 жаңа позиция қосты. Шектеулер 240 компанияға, жеті тұлғаға және 50 теңіз кемесіне қатысты енгізілді. Санкцияға іліккендердің активтері бұғатталып, британдық компанияларға оларға қызмет көрсетуге тыйым салынды.

фото: istockphoto.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Ресей-Украина соғысы соғыс
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.