Елде Конституция бойынша өтетін референдум барысында бюджет қаражатынан 20 млрд 777 млн теңге жұмсау жоспарланған. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Михаил Бортник мәлімдеді.
Бұл қаражат бастапқы жоспардан 600 млн теңгеге аз. Қаржы министрлігі референдумды өткізуге арналған ақшаны 20,8 млрд теңгеден 20 млрд 777 млн теңгеге дейін қысқартқан.
Бортниктің айтуынша, 2024 жылы АЭС референдумына бөлінген қаражаттың 682 млн теңгесі іс жүзінде жұмсалмай, бюджетке қайтарылған.
Дауыс беру 15 наурызда өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, таяуда Орталық сайлау комиссиясы MediaNet ұйымына референдумға қатысты сауалнама жүргізуге тыйым салды.
фото: istockphoto.com

