Елде Үндістанда орналасқан Macleods Pharmaceuticals Ltd компаниясының «Десилмакс» дәрісін қолдануға тыйым салынды. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті хабарлады.
Министрлік бұйрығына сәйкес, дәрінің BSE92301A сериясына шектеу қойылды. Аталған партияның жарамдылық мерзімі 2026 жылдың шілдесіне дейін деп көрсетілген, демек қазір препаратты қолдану адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Комитеттің облыстардағы бөлімшелері мен «СК-Фармация» мекемесі «Десилмаксты» айналымнан алып тастауға бағытталған шараларды бастады.
Бұл шешім Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығының хаты және өткен жылдың 3 ақпанындағы сынақ хаттамасы негізінде қабылданған.
фото: istockphoto.com

