Түркістан облысы Бәйдібек ауданының бюджетінен 583 млн теңге жымқырған білім бөлімінің басшысы мен есепшілері сотталды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Білім бөлімінің басшысы, бухгалтерлер мен экономистерді қоса алғанда 18 адам жалақы мен өзге шығындарға арналған қаражатты артығымен сұраған. Бухгалтерия қызметкерлері электрондық жүйеге жалған мәлімет енгізіп, іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға айлық төлеген.
Мемлекетке 583 млн теңгеден астам залал келді.
Тергеу барысында күдіктілер шығынды толық өтеген.
Сот 14 адамды 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырса, 4 адамға рақымшылық берді.

