Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жұма, 28 тамыз
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Кореяға жұмыс істеуге барған қазақ қызы қаза болды
Дария Ғұмар жаңалық 11/02/2026

Кореяға жұмыс істеуге барған қазақ қызы қаза болды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге барған Жамбыл облысының тұрғыны Ақнұр Рүстемқызы қаза болды. Марқұмның ағасы Асқар Рүстемұлының айтуынша, қазіргі уақытта Ақнұрдың  денесін елге жеткізу үшін қаражат табу және құжат алмасу рәсімі қиынға соғуда.

Асқар жағдайды айтып, хабарласқанымен, Кореядағы Қазақстан елшілігі нақты жауабын бермеген. Яғни елшілік қызметкерлері бұл іске араласуға аса құлық танытпай отырған көрінеді.

23 жастағы Ақнұр Рүстемқызы 9 ақпан күні сағат 18:00-де көз жұмды. Оңтүстік Корея тарапы жүргізген тексеру актісінде қайғылы жағдайға жүрек жеткіліксіздігі мен демікпе себеп болғаны жазылған. 

«Ақнұр Кореяға биыл қаңтар айында кетті. Бізге ол жаққа жұмыс істеуге кетіп бара жатқанын айтқан жоқ. Қасында жүрген бір таныс қызы сол жақта жұмыс істейді екен, соған қыдырып барған сияқты болып еді. Кейін Кореяда жұмыс істеуге болатынын білген болуы мүмкін, бірақ ол жағын толық түсіндірмеді.

Соңғы рет сөйлескенімізде «Виза ашып алсам, Қазақстанға емін-еркін барып-келуіме болады» деп айтқан еді», — деді марқұмның ағасы Асқар Рүстемұлы. 

Ақнұрдың отбасы мұндай диагноз туралы бұрын-соңды естімеген. 

«Анамның айтуынша, соңғы кезде «Су көп ішемін, тамағым кеуіп кете береді» деп айтқан екен.

Жұма күні таныстары арқылы бір дәрігерге әлде  жеке емханаға барған. Сол жерде «қант мөлшері өте жоғары, бірінші дәрежелі қант диабеті» деген диагноз қойыпты. Дүйсенбі күні ауруханаға барсын деп жазып берген.

Бірақ қарындасым ол күнге жетпей қаза тапты. Сенбі-жексенбі күндері ол жақта медициналық мекемелер жұмыс істемейді екен», — деді ағасы.

Ақнұр Рүстемқызының отбасына әлі күнге Сыртқы істер министрлігі мен  ҚР Елшілігі тарапынан ешкім хабарласпаған.

Қазіргі уақытта Кореядағы қазақтар отбасыға көмектесуге ерікті түрде ақша жинап жатыр.

Редакция осы жағдайға байланысты ҚР СІМ баспасөз қызметіне сауал жолдады.

фото: Оңтүстік Корея ұсынған өлім фактісін тіркеу құжаты

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2026 Адам өлімі Басты ақпарат Еңбек миграциясы Оңтүстік Корея
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Тамыз 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.