Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерге жекеменшік мектептер мен білім саласындағы маман тапшылығына қатысты ескерту жасады. Осы орайда елде мамандықтар трансформациясы орталығын құру ұсынылды.
Президенттің айтуынша, қазір білім саласындағы проблемалар жеке білім беру ұйымдарын қолдау тетіктері ақсап тұр.
«Білім саласындағы «экономизация», яғни қаржыны текке шашпай, жүйелі жұмсау үдерісін жалғастырған жөн. Бұл ретте балабақшадан бастап университеттерге дейінгі барлық деңгейде мемлекеттік қаржыландырудың тиімділігін түбегейлі арттыруға баса мән беру қажет», — деді ол.
Отырыста маман даярлау мәселесі де көтерілді. Кадр тапшылығы жасанды интеллекті мен жаңа технологияларға ілесе алмағандығымыздан туындап отыр, деп мәлімдеді президент.
«Оқу бағдарламалары эмен стандарттары жаңарып үлгергенше, мамандықтар өзгеріп кетіп жатыр. Демек жай ғана IT-мамандардың санын көбейту және жалпы цифрлық дағдыларды үйрету жеткіліксіз.
Осыған орай үкіметке жетекші компаниялармен бірлесіп, мемлекет пен жеке серіктестік негізінде ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығын құруды тапсырамын. Ол орталықты мемлекеттік емес компаниялардың консорциумы басқарғаны дұрыс. Өйткені бизнес тезірек бейімделеді әрі нарық талаптарын жақсы біледі», — деді президент.

