Бұйратау ұлттық саябағында мекендейтін бизондарға туристер қызығушылығы артты.
Ұлттық парк аумағына 6 жыл бұрын Канададан 10 бизон жеткізілген. 2023 жылы олар алғаш рет төлдей бастады.
Бүгіндері бизон саны 26-ға жетті. Жануарлар суық климатқа тез бейімделді.
Бұйратау ұлттық паркі Ақмола облысының Ерейментау және Қарағанды облысының Осакаров ауданындарында орналасқан.
Ұлттық парктің мемлекеттік инспекторы Оразбек Аметтің айтуынша, бизондарға қыста су қажет емес, сонымен қатар олар жергілікті табиғатқа тез үйренеді және түрлі ауруға төтеп береді.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

