Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық құқық бұзушылықтарға қатысы бар жеке және заңды тұлғалардың тізімін жасауды ұсынды. Заң жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Агенттік әзірлеген құжатта экономикалық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны расталған жеке және заңды тұлғаларды есепке қою және есептен шығару тәртібі жазылған. Сондай-ақ реестрде қамтылатын мәліметтер тізбесі, оларды жүргізу, жаңарту, сақтау шарттары мен мерзімдері көрсетілген.
Құжат «Ашық НҚА» порталында 19 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
фото: freepik.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

