2025 жылдың 17 қарашасында елде «Жасанды интеллект туралы» жаңа заң қолданысқа енді. Заңгер Ольга Диденко Internews ұйымы өткізген вебинарда бұл норма бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына қалай әсер ететінін түсіндірді.
Жаңа заңда жасанды зерде арқылы жасалған материалға белгі қою, авторлық құқықты қорғауды күшейту және дипфейктердің құқықтық анықтамасы туралы айтылған.
Заңға сәйкес, ЖИ шығарған контентте адамның шығармашылық үлесі болса, туынды авторлық құқықпен қорғалады.
Ольга Диденконың айтуынша, БАҚ жасанды интеллектіні редакциялық тапсырмаларды орындау мен контент жасау үшін ғана қолдана алады.
«Цифрлық кодексте БАҚ үшін ерекше жеңілдіктер қарастырылмағаны айтылды», — деді заңгер.
фото: freepik.com

