Өскемен қаласында жүргізілген ауа сапасының мониторингі нәтижесінде қаланы қалың тұман басқаны анықталды. Қазір өңір мектептері қолайсыз ауа райына байланысты онлайн оқуға көшті. Бұл туралы қалалық экология департаменті хабарлады.
«Қазгидромет» мамандары санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен бірлесіп, жылжымалы зертхана көмегімен күн сайын көшпелі мониторинг жүргізген. Тексеріс кезінде атмосферадағы азот тобы, көміртек оксиді, күкірт тобы мен хлоридтер сынамасы алынды.
Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірістік жүктемені 20-40%-ға төмендетуге тиіс.
фото: freepik.com

