Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
    • Ақпараттық хабарлама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 24 қараша
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»«Билетке сұраныс күшейгенде қолданылмайды» — ҚТЖ дисконт карталарды қызық шартпен ұсынды
Дария Ғұмар жаңалық 02/02/2026

«Билетке сұраныс күшейгенде қолданылмайды» — ҚТЖ дисконт карталарды қызық шартпен ұсынды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Елде теміржол билеттеріне арналған әлеуметтік жеңілдіктер тізімі кеңейтілді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы хабарлады.

Енді 60 жастан асқан азаматтар ел ішінде 25% жеңілдікпен қатынай алады. Ол үшін QURMET дисконт картасын рәсімдеу қажет. Картаның құны – 3000 теңге, жарамдылық мерзімі – сатып алынған күннен бастап бір жыл.

15-25 жас аралығындағы жолаушылар KETTIK33 картасын қолданып, купенің жоғарғы орындары мен отыратын вагондарға билетті 33% жеңілдікпен сатып ала алады. Оның да құны 3000 теңге, жарамдылық мерзімі – бір жыл.

Бір қызығы, жеңілдік 20-29 наурыз, 25-30 желтоқсан аралығы мен маусым-тамыз айларында қолданылмайды.

Дисконт картасын атаулы болып үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынған. Картаны тек «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында рәсімдеуге болады. Ол үшін жеке куәлік, ұялы телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы (міндетті емес) қажет. Жеңілдікті кассалар арқылы офлайн билет сатып алғанда немесе bilet.railways.kz сайты арқылы онлайн рәсімдеу кезінде пайдалануға болады, ал танымал билет сату сервистерінде жеңілдік қолданылмайды.

фото: ҚТЖ Press

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2026 Жеңілдік ТЖ
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026
жаңалық

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026
жаңалық

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

23/10/2026

Жаңа мақалалар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

Біздің сараптама 27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

жаңалық 27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

жаңалық 24/10/2026

Рубио Орталық Азияға алғаш рет келді: Самарқанда не талқыланды?

Әлем жаңалықтары 24/10/2026

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

жаңалық 23/10/2026
Сайт мұрағаты
Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Қаз    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.