Ресей билігі 1 ақпанға дейін Киевке шабуыл жасамау туралы келісімді растады. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
Аталған ұсынысты АҚШ президенті Дональд Трамп жасаған.
Таяуда АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің Украина қалаларына бір апта бойы соққы жасамауға келіскенін мәлімдеді.
Трамптың айтуынша, қатты аязға байланысты ол Путиннен Киев пен өзге де украин қалаларындағы соғысты тоқтатуды өтінген.
«Украинада мұндай суықты бұрын-соңды болған емес. Мен президент Путиннен бір апта бойы Киев пен басқа қалаларға соққы жасамауды сұрадым», – деді АҚШ президенті.
фото: freepik.com

