Білім бюждетін игеру құзіреті аудан әкімдіктеріне беріледі. Бұл жөнінде премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин хабарлады.
Депутаттардың сауалына жауап берген Ұлттық экономика министрі облыстық деңгейде білім бюджетін бақылау қаржы операцияларын күрделендіргенін алға тартты.
Облыстық деңгейде бюджетті басқару саланы басқару тиімділігін төмендеткен. Білім басқармаларының қаржы есебін тапсыруы қиындаған.
«Аудан әкімдерін нақты өкілеттіктермен және қаржылық дербестікпен қамтамасыз етудің маңыздылығын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге арналған бюджеттік шығыстарды облыстық деңгейден аудандық бюджет деңгейіне беру туралы ұсыныс қолдау табады», — деп мәлімдеді Серік Жұманғарин.
Айта кетейік, 2021-2023 жылдары Түркістан облысы Жетісай ауданында білім бөлімінің 46 қызметкері бюджеттен 4 млрд теңге ұрлады.
фото: pexels.com

