Орал қаласында оқушылар арасында болған әлімжеттік оқиғасынан кейін №17 жалпы білім беретін орта мектептің директоры Марат Зайнуллиев қызметінен босатылды. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Директор білім бөліміне келеңсіз жайт туралы дер кезінде хабарламаған.
2025 жылдың қазан айында желіде мектеп жанында өз қатарласын соққыға жыққан бір топ жасөспірімнің видеосы тарады. БҚО полиция департаментінің мәліметінше, сол кезде құқық қорғау органдарына ешқандай арыз түспеген.
2026 жылдың 22 қаңтар күні білім бөлімі басшысының бұйрығымен мектеп директоры жұмысынан босатылды.
Қазіргі кезде зардап шеккен жасөспірімге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр, ал жасөспірімдердің ата-анасы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 435-бабына сай жауапкершілікке тартылды.
фото: freepik.com

