2025 жылы Батыс Қазақстан облысында 32 экономикалық қылмыс тіркелген. Бұл туралы экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеу басқармасы басшысының орынбасары Мәдияр Палманов хабарлады.
Өткен жылы 41 адам күдікті ретінде танылған. Залалды өтеу үшін күдіктілер мен олармен байланысты тұлғалардың 1,7 млрд теңгесі тәркіленді. Сонымен қатар 262,5 млн теңге ерікті түрде өтелген.
Қазір облыс соттарында 8 экономикалық қылмыстық іс қаралып жатыр.
Айта кетейік, таяуда облыста 100 млн теңге пара алған кірістер басқармасының басшысы ұсталды.
фото: freepik.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

