13 қаңтарда Қара теңіздегі Қазақстан мұнайын тасымалдауға арналған екі танкерге дрон зақым келтірді. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, шабуыл Қазақстанға шығын келтірген жоқ.
Айта кетейік, дронның қай елден шыққаны туралы ресми ақпарат жоқ.
Каспий құбыр консорциумы маңында шабуылға ұшыраған танкерлер шабуыл кезінде бос болған. Мальта туымен жүрген Matilda танкері Қарашығанақ кен орнынан келетін мұнайды, ал екінші кеме Delta Harmony танкері «Теңізшевройлдан» жеткізілетін мұнайды күтіп тұрған. Екі танкер де Грекия компанияларына тиесілі.
Matilda танкерінде жарылыс болғанымен, өрт шықпаған. Ал Delta Harmony танкерінде шыққан өрт дер кезінде ауыздықталған.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
2025 жылдың 29 қарашасында Каспий құбыр желісі консорциумында катерлер шабуыл жасады. Бұдан кейін желтоқсанның алғашқы екі күнінде Қазақстанның мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 6%-ға азайды, нәтижесінде ел 480 мың тонна мұнай жоғалтты.

Өткен жылдың қазан айында Орынборда Қарашығанақ газын өңдейтін зауыты отқа оранды.
фото: istockphoto.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау