Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Ақтауда суды сүзгіден өткізу жобаларының 50%-ы аяқталды
Дария Ғұмар жаңалық 13/01/2026

Ақтауда суды сүзгіден өткізу жобаларының 50%-ы аяқталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ақтау қаласында ауыз су және кәріз жүйелерін жөндеу жұмысы жүргізілуде. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай үкімет отырысында мәлімдеді.

Қаладағы сумен жабдықтау желілерін жаңарту жұмыстарының бірінші кезеңі аясында жалпы құны 8,9 млрд теңге болатын 18 жоба атқарылып, желілердің тозу деңгейі 11%-ға төмендеді.

«Каспий» су зауыты және МАЭК аумағында қуаттылығы тәулігіне 6 мың текше метр болатын су тұщыту қондырғысы іске қосылды. Соның нәтижесінде өңірде ауыз су көлемі тәулігіне 58 мыңнан 84 мың текше метрге дейін артқан.

Сонымен қатар Ақтаудағы кәріз-тазарту құрылыстарының қуаты 30 мыңнан 70 мың текше метрге дейін көбейді.

«Облыстың халық санының артуын ескере отырып, су тұщыту зауыттарын салу және қондырғыларын орнату бойынша 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланған болатын. Оның ішінде құны 130,8 млрд теңгені құрайтын З жоба 2025 жылы пайдалануға берілді», — деді әкім Нұрдәулет Қилыбай.

Айта кетейік, 2025 жылдың шілде айында жарық пен сусыз қалған Ақтау тұрғындары ереуілге шығып, көлік қозғалысын тоқтатты. Қала әкімшілігі мәселені инженерлік желілердің тозуымен байланыстырды. Мамандардың айтуынша, электр желілерінің 70%-дан астамы әбден ескірген. Ал шенеуніктер бұл мәселенің бар екенін бұрыннан білсе де, жаңа тұрғын үйлердің құрылысына рұқсат берген.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2026 Ақтау қаласы Маңғыстау облысы Су жүйесі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
Біздің сараптама

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

12/05/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.