Қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаевтың 2007 жылы Ұлыбритания ханзадасы Эндрю Маунтбеттен-Виндзордан 15 млн фунт стерлингке сатып алған резиденциясы дау тудырды. Құлыбаев аталған қаражатты коррупцияға қатысы бар компания арқылы өндірген. Бұл туралы BBC агенттігі жүргізген журналистік зерттеуден белгілі болды.
Тергеу деректеріне сүйенсек, 2007 жылы Тимур Құлыбаев Беркшир графтығындағы Sunninghill Park резиденциясын сатып алған. Бұл үшін ол Enviro Pacific Investments компаниясынан қарызға ақша алған.
Кейін Италия прокурорлары аталған компанияның 2007 жылы сыбайлас жемқорлық схемасы арқылы алынған қаржыға жұмыс істеп тұрғанын анықтады.
Құлыбаевтың адвокаттары BBC редакциясына оның сыбайлас жемқорлыққа қатысы жоқ екенін және үй сатып алуға кеткен қаражаттың заңды болғанын мәлімдеді.
Бұрынғы ханзада Эндрю еш мәлімдеме жасамады. 2025 жылы Ұлыбритания патшасы оны ханзада атағынан айырды.
фото: Shutterstock

