«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы енді «Қазақстандық атом электр станциялары» компаниясына иелік етпейді. Бұл туралы Үкіметтің № 1146 қаулысында айтылды.
Елдегі Атом электр станцияларын реттеумен арнайы агенттік айналыспақ.
2025 жылдың 30 желтоқсанынан бастап «Қазақстандық атом электр станциялары» мемлекетке қайтарылды. Келісімге Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қол қойды.
Атом энергиясы агенттігі Қаржы министрлігі мен үкіметке емес, тікелей президент қарауына өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың тамызында Балқаш көлінің жағалауында елдегі бірінші АЭС құрылысы басталды. Станцияның қуаты — 2,4 ГВ, құны 14–15 млрд АҚШ долларын құрайды.
Бірінші АЭС-ті «Росатом», ал қалған екі жобаны Қытайдың CNNC компаниясы жүргізеді.
фото: freepik.com

