Павлодар қаласында №45 түзеу мекемесінің басшысы сотталды. Оған мемлекеттік құпияны жария етті деген айып тағылды. Бұл жөнінде бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Подполковник өзінің лауызымдық өкілетін асыра пайдаланған.
«Колонияның бұрынғы басшысы белгілі бір сыйақы үшін кейбір сотталғандарға жазасын өтеу үшін артықшылықты жағдай жасаған»,- деп мәлімдеді бас прокуратура.
Түрме басшысы 6,5 жылға сотталды. Подполковник шенінен айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды.
Автор
-
Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды.
Барлығын қарау
2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

