Қазақстанда қысқы тайғаққа қарсы күресте ас тұзын қолдануға тыйым салынады. Бұл норма Экологиялық кодекстің 238-9-бабында жазылған тұздың топыраққа, жасыл желекке әрі қалалық экожүйеге тигізетін зиянымен байланысты.
Жол саласында пайдаланылатын материалдар мен технологиялар бірыңғай базада тіркеуден өтуге тиіс. Бұл база тек Қазақстанның климаттық жағдайларында сынақтан өткен, тиімділігі дәлелденген шешімдерлен іріктелген.
Қазір базада жолдарды қыста күтіп-ұстауға арналған бес отандық материал тіркелген. Олардың қатарында құрғақ және сұйық реагенттер бар. Бұл материалдардың құрамында заңда тыйым салынған хлоридтер болмауға тиіс.
фото: freepik.com

