Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 8 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Сарапшы пікірі»АҚШ Қазақстанды G20 саммитіне не үшін шақырды?
Дария Ғұмар Сарапшы пікірі 26/12/2025

АҚШ Қазақстанды G20 саммитіне не үшін шақырды?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, келесі жылы өтетін G20 саммитіне шақырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында хабарлады.

G20 – жаһандық қаржылық мәселелерді талқылау мен шешу үшін құрылған экономикасы тұрақты 19 елдің бірлестігі. Олардың ЖІӨ үлесі әлемдік көрсеткіштің шамамен 85%-ын және сауданың 75%-ын және құрайды. Қазір G20 құрамында АҚШ, Қытай, Германия, Канада, Оңтүстік Корея және Жапония секілді елдер бар.

Саммитке Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев та шақырылды. Айта кетейік, 2024 жылдың

шілде айында Өзбекстан әлемдегі ең ірі алтын сатып алушылардың бірі болған.

АҚШ президентінің сөзінше, келесі жылы G20 саммиті Флорида штатындағы Майами қаласында өтеді және Қазақстан мен Өзбекстан басшылары бұл жиынға қонақ ретінде шақырылады.

Дональд Трамп Қазақстан және Өзбекстанмен болған әңгіме барысында халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудің маңызын, сондай-ақ елдер арасындағы сауда мен ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылағанын айтты.

«Ресей мен Қытайға бағытталған жанама сигнал»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің докторанты Меруерт Шакирова АҚШ-тың шақыртуының астарында не жатқанын түсіндірді.

Қазақстан президентін G20 саммитіне қонақ ретінде шақыру — Астананың жаһандық күн тәртібіндегі сенімді әрі маңызды аймақтық серіктес ретінде қабылданатынын көрсетеді. Мұндай шақырулар G20 тәжірибесінде бар: төрағалық етуші ел мүше емес мемлекеттерді де шақыра алады.

Бұл Қазақстанның халықаралық имиджіне және жетекші экономикалармен тікелей диалог мүмкіндігін арттырады. Алайда қонақ мәртебесі шешім қабылдауға қатысу дегенді білдірмейді.

Трамптың аталған екі елді шақыруына бірнеше ықтимал фактор бар. Біріншіден, Қазақстан мен Өзбекстан – Орталық Азиядағы ірі экономикалар және аймақтық күн тәртібінде салмағы бар мемлекеттер. Екіншіден, Орталық Азия қазіргі геосаяси жағдайда логистика, энергия және логистикалық тізбектері тұрғысынан маңызды кеңістікке айналды. Үшіншіден, АҚШ үшін бұл елдер аймақтағы әріптестік саясатты кеңейтуге қолайлы бағыт ретінде қарастырылуы мүмкін.

Бұл қадам АҚШ-тың Орталық Азиядағы дипломатиялық қатысуын күшейту ниетін көрсетуі ықтимал. Сонымен бірге ол Ресей мен Қытайға бағытталған жанама сигнал ретінде де оқылуы мүмкін: яғни, АҚШ аймақтағы байланысын сақтап, өз ықпалын кеңейтуге мүдделі болуы мүмкін.

Ең бастысы – жетекші экономикалар басшыларымен тікелей байланыс және келіссөз мүмкіндігі. Қазақстан өз ұстанымын энергия қауіпсіздігі, транзит, инвестиция және технологиялық кооперация бағытында жеткізе алады. Сонымен қатар, бұл Қазақстанды аймақтық емес, жаһандық мәселелерге үн қосатын актор ретінде танытуға көмектеседі.

G20 – әлемдік экономикалық басқаруда маңызды рөл атқаратын платформа, бірақ саммитке мүше емес елдердің де шақырылуы – қалыпты тәжірибе. Мұндай шақыру көбіне елдің экономикалық көлемінен бөлек, оның аймақтық маңызы, саяси тұрақтылығы, және халықаралық тақырыптарға қосар үлесі сияқты факторлармен байланысты.

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 G20 АҚШ Дональд Трамп Қазақстан Өзбекстан
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
жаңалық

Қазақстанда бір жылда жол апатынан 2500 адам қаза тапты

19/03/2026
жаңалық

Қытайдан Қазақстанға көшкендер саны 29%-ға артты

17/03/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.