Damumed компаниясының қызметінде монополияға қарсы заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.
Агенттіктің Астанадағы департаменті «Даму» компаниясына қатысты тергеу жүргізіп, «DAMUMED» медициналық ақпараттық жүйесінде монополиялық олқылықтар тапты.
Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот «Даму» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС-не 286 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады.
Компания айыппұлды толық көлемде өтеген.
«Даму» ЖШС-і 2005 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысымен «Медициналық қызмет көрсету сапасын басқару жүйесі» жобасын іске асыра бастады.
фото: istockphoto.com

