Ақтөбе облысында 12 адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралады. Сотқа дейінгі тыңдау 29 желтоқсанға белгіленген.
Жүк көлігінің жүргізушісіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-тармағы бойынша айып тағылып отыр.
23 қазанда Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдайтын ГАЗель соқтығысты. Апат кезінде екі көліктің жүргізушісі де көз жұмған, ал аман қалған үш жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Аталған жол апатынан кейін Самара – Шымкент тасжолының бір бөлігі уақытша жабылып, тергеу жүргізу үшін Ішкі істер министрлігі арнайы тергеу тобын жіберді.
Сонымен қатар Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен оқиғаның себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылған.
фото: istockphoto.com

