Келер жылдан бастап Қазақстанда жеке куәлікті тегін алуға болады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықовтың айтуынша, жеке куәлікті алғаш алу кезінде де, қолданылу мерзімі аяқталған соң ауыстыру барысында да мемлекеттік баж алынбайды.
Ресми дерекке сәйкес, жыл басынан бері елімізде 1,9 млн жеке куәлік және 1,1 млн паспорт рәсімделген.
Айта кетейік, биыл жеке куәлік алу үшін мемлекеттік баж мөлшері 0,2 айлық есептік көрсеткішті, яғни шамамен 787 теңгені құрайды.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

