Қазақстан және Жапония ғарыш саласында құны 20 млн долларды құрайтын бірлескен жобаларды іске асыру туралы келісімге келді. Бұл туралы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰҚ
мәлімдеді.
Келіссөздер нәтижесінде жапондық Ark Edge Space Inc. компаниясының көмегімен LoRa технологиясын енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл бастама жерүсті жүйелері мен спутниктер арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін қажет. Жобаның инвестиция көлемі 10 млн долларды құрайды.
Спутниктік бақылау, деректерді өңдеу және заманауи технологияларды енгізу бағыттарында жапондық Synspective Inc. компаниясымен жұмыс атқарылмақ. Жобаның құны – 10 млн доллар.
фото: freepik.com

