Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 8 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Редакция таңдауы»Заңсыз жұмыстан қуылған гимназия қызметкері жоғарғы сотта өз құқығын қорғап шықты
Редакция Редакция таңдауы 17/12/2025

Заңсыз жұмыстан қуылған гимназия қызметкері жоғарғы сотта өз құқығын қорғап шықты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Екі жылға созылған еңбек дауында Мөлдір Ғапиз жеңіске жетті. Ол Ырғыз ауданы сотында жеңіске жеткенімен, Ақтөбе облысының сотында жеңіліс тапқан. Одан кейін жоғарғы сотта құқығын қорғады. Адвокатқа қаражат таппаған кіші қызметкер сот отырыстарына қорғаушының көмегінсіз қатысты. Жоғарғы сот Ырғыз мектеп гимназиясынан Мөлдір Ғапизге 1 700 000 теңге өндіріп беру жөнінде шешім шығарды. Бұл жөнінде tilshinews.kz жазды.

Ақтөбе облысындағы Ырғыз мектеп-гимназиясының кіші қызметкері болған Мөлдір Ғапиздің еңбек дауына қатысты күресі шамамен екі жылға созылып, жоғарғы сотқа дейін жетті. Оның айтуынша, оқиға мектеп басшылығының оны жұмыстан заңсыз шығаруынан басталған.

Екі жыл бұрын қараша айында Ырғыз ауданына іссапармен барған Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ырғыз мектеп гимназиясында тұрғындарды қабылдайды. Білім ордасының кіші қызметкері Мөлдір Ғапиз мектептегі тазалық жұмыстарына қатысты мәселелерді көтереді: дәретханада су жоқ, еден жуатын құралдарды қызметкерлер өз қаржысына сатып алады, тағы басқа да жайттар белгілі болды.

Араға санаулы апта салып, мектеп басшылығы Мөлдірді екі күн жұмыста болмады деген желеумен қызметінен босату жөнінде бұйрық шығарады.

Алдымен қызметтен босату туралы бұйрық, одан кейін үш айлық сынақ мерзімімен «жаңа қызметкер» ретінде қайта қабылдау туралы құжат — барлығы еңбек кітапшасына тіркелген.

Еңбек кітапшасындағы бұл белгі оның кәсіби беделіне нұқсан келтіріп, алдағы жұмысқа орналасу мүмкіндігіне тікелей әсер етуі мүмкін еді. Сол себепті Мөлдір еңбек құқығын қалпына келтіру үшін жоғарғы сотқа жүгінуге бел буды.

Сот адвокатсыз өтті

Мөлдір аудандық сотқа да, облыстық та сотқа да адвокатсыз қатысқан. Себебі адвокат қызметінің құны — 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін бағаланады, ал оның ондай қаражат ұсынуына мүмкіндігі болмады. Заң саласынан алыс, тәжірибесіз адамның өзі сот залында мемлекеттік мекемеге қарсы тұруы оған оңайға түспеген.

Алғашқы отырыстарда қорқыныш басым болғанын, жанына жақын адамдардың өзі «Адвокатсыз қалай соттасасың?» деп күмәнмен қарағанын айтады. Соған қарамастан, ол күресті жалғастырды.

«Бұл жағдай менің айналамдағы адамдарды сүзгіден өткізді»

Мөлдір үшін бұл кезең құқығын қорғауға арналған күрес қана емес, өмірлік сабақ болды. Жақын араласқан әріптестерден көрген реакциясы жүрегіне ауыр тигенін айтады. Бірақ бүгінде ол бұл кезеңді артта қалдырды.

Оның оқиғасы — жүйенің осал тұстарын, қызметкердің қорғансыздығын, бірақ сонымен қатар жеке адамның табандылығы мен әділетке деген сенімін көрсететін мысал.

Мектеп басшылығы журналистерді де сотқа берді

Қызметінен босаған кезде Мөлдір Ғапиз араша сұрап, ақтөбелік журналист, «Тілші» жобаларының авторы Асқар Ақтілеуге де жолығады. Бұл шамамен 2023 жылдың қараша айы болатын. Кіші қызметкердің мәселесін көтерген журналисті «жалған ақпарат таратты» деген желеумен мектеп директоры Гүлжайнар Нұрманова сотқа береді. Бұл іс ұзаққа созылмады. 2024 жылдың ақпанында сот журналисті ақтап алды.

«Көмек сұрап біраз жерге хабарластым, тек Асқар Ақтілеу мұңыма құлақ асып, мәселен әрі қарай көтере бастады. Алайда өзіне сот алдында жауап беруге тура келді. Абырой болғанда, сот журналиске тағылған айыпты жоққа шығарып, іс Асқардың жеңісімен аяқталды», — дейді Мөлдір Ғапиз.

Автор

  • Редакция

    Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.

    Барлығын қарау
2025 Ақтөбе облысы Гендерлік теңдік дау-дамай Еңбек кодексі Жоғарғы сот ҚР Жоғарғы соты құқық Мөлдір Ғапиз Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026
жаңалық

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

31/03/2026
Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.