Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы төтенше жағдайлар қызметінің жедел мәліметінде айтылды.
14 желтоқсанда сағат 12:00 шамасында Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылының маңынан жоғалып кеткен 1968 жылы туған С. Өтешовтің мәйіті табылды. Ол мал іздеуге шыққан шаруа қожалығының жұмысшысы болған.
Сонымен қатар Сайқын ауылының тұрғыны, 2000 жылы туған Е. Қажығалиевтің боран кезінде қаза тапқаны анықталды. Жігіттің шизофрения диагнозы бойынша есепте тұрғаны белгілі.
Қазір тағы екі адам іздестіріліп жатыр. Жәнібек ауданында 1966 жылы туған Еділбаев, ал Қазталов ауданында 1990 жылы туған Қонақов хабар-ошарсыз кеткен.
Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
фото: istockphoto.com

