Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»«Батыс су арнасы» испан компаниясының иелігіне өте ме?
Дария Ғұмар жаңалық 13/12/2025

«Батыс су арнасы» испан компаниясының иелігіне өте ме?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оралдағы су және кәріз жүйелері испандық Aqualia S.A. компаниясының басқаруына беру жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.

Тараптар Оралдың су инфрақұрылымын Aqualia басқаруына беру мүмкіндігін және Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен қол қойылған меморандум аясындағы бастамаларды жалғастыруды талқылады.

Кәріз станциясының аумағы кімге тиесілі?

Заңгер, қоғам белсендісі Бауыржан Заки қараша айында стратегиялық нысан саналатын №22 кәріз сорғы станциясының жер көлемі заңсыз түрде азайтылғанын анықтады.

Орал қаласындағы Ю.Гагарин мен Ш.Айталиев көшелерінің қиылысында орналасқан «Батыс су арнасы» ЖШС-на тиесілі жер телімінің аумағы толық көрсетілмеген. Белсенді атап көрсеткен map.gov4c.kz порталындағы 081300271607 кадастр нөмірімен тіркелген жер көлемі 777 шаршы метр деп белгіленген, ал осы тұста орналасқан «Орал сүт зауыты» ЖШС-ының жер телімі 1996 шаршы метрді құрайды.

Кәріз сорғы станциясы қаланың су беру және су бұру жүйесінде стратегиялық нысан болғандықтан, оның жерін азайтуға немесе өзге мақсат үшін қолдануға тыйым салынған.

Су резервуарлары неге пайдаланылмай тұр?

«Батыс су арнасы» компаниясы 2022 жылы 329,5 млн теңгеге сатып алған су резервуарлары әлі күнге дейін пайдаланылмай бос жатыр, деп хабарлады заңгер Бауыржан Заки.

Google картасындағы деректерге сәйкес С.Датұлы көшесіндегі «Батыс су арнасы» ғимаратының ауласында 43 дана су резервуары бар. Мемлекеттік сатып алу порталындағы құжаттар бойынша 2022 жылдың 5 тамызында Орал қалалық ТҮКШ бөлімі мен Өскемен қаласында тіркелген «АЮ» жеке кәсіпкері арасында 329,5 млн теңгеге көлденең су резервуарларын сатып алу туралы шарт жасалған. Әр резервуардың құны, шамамен, 7,6 млн теңге. Төлем 2022 жылдың 4 қарашасында жүргізілген.

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін алынған бұл жабдықтар үш жыл бойы қолданылмаған. Заңгер Бауыржан Закидің айтуынша, тауарды сатып алып, оны пайдаланбау «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңдарға қайшы келеді.

«Батыс су арнасы» ЖШС-ның бас директоры Әнуар Аркенов мекемені 2021 жылдың шілдесінен бері басқарып келеді, сондықтан заңсыз фаткілер үшін жауап беруге тиіс дейді белсенділер. Бауыржан Заки осы мәселе жөнінде БҚО прокуратурасы мен ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментіне шағым жолданғанын мәлімдеді.

Қала бойынша инфрақұрылым желілері әбден ескірген. Жалпы ұзындығы 483,5 км су құбырының 60%-ы, 375 км кәріз желісінің 61,3%-ы тозған. Осы себептен 2024 жылы техникалық апат салдарынан өңірде 710 030 текше метр су ысырап болған.

Оқыңыз: Орал тұрғындары көлікті әлі де ауыз сумен жуады: қала техникалық су мәселесін қалай шеше алады?

Айта кетейік, таяуда БҚО-ны электр энергиясымен қамтамасыз ететін «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясының» қарыздары жайлы белгілі болды. Ал электр желілерінің тозу деңгейі облыс бойынша 78%-86%-ды құрайды.

Оқыңыз: БҚО-да электр желісі 86% тозған: компания тағы да тариф көтеруді ұсынады

фото: istockphoto.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
«Батыс су арнасы» 2025 Басты ақпарат БҚО Кәріз жүйесі Су құбырлары
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.