«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық банктің қолдауымен «Өрлеу» бағдарламасы бойынша алғашқы жеңіл несиені Halyk Bank арқылы цифрлық теңгемен берді. Бұл туралы Қордың Басқарма төрағасының орынбасары Әрсен Мұстафин хабарлады.
Несие 12,6%-бен 7 жылға дейін 250 млн теңге көлемінде берілді.
Цифрлық теңгені пайдаланған тұңғыш клиент – павлодарлық кәсіпкер Виталий Кремберг. Ол үй жануарларының түбегіне гигиеналық толтырғыш ретінде қолданылатын түйіршік/абсорбент шығаратын кәсіпорын салуды, сондай-ақ құрылыс, ауыл шаруашылығы мен экология саласында қызмет көрсетуді жоспарлап отыр.
Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкерлер «Даму» Қорының серіктесі – екінші деңгейлі банктерге өтінім бере алады. Қазір Halyk Bank, ЦентрКредит Банк, Forte Bank, Bereke Bank, Еуразиялық банк, Freedom Bank, Nurbank, RBK Bank және KZI Bank өтінім қабылдайды. Сонымен қатар, бағдарлама қатысушылары Қор кепілдігін пайдалана алады.
фото: freepik.com

