2025 оқу жылында елдің жоғары оқу орындарында 88 мемлекеттен келген 35075 студент білім алып жатыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға көп. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.
Шетелдік студенттердің басым бөлігі Үндістан (9959), Түрікменстан (9089), Өзбекстан (4136), Қытай (3 367) және Ресейден (2426) келген.
Шетелдік студенттердің 18195-і Алматыда, 4 292-сі Астанада және 3645-і Шымкентте оқиды.
Өзге ел азамттары ең көп таңдайтын университеттер қатарында ҚазҰУ (4 497), ҚазҰМУ (2 687), ЕҰУ (2 483), ҚазҰТЗУ (1 759) және ОҚМУ (1 730) бар.
Ең сұранысқа ие бағыттар — медицина (12 950), педагогика (5 943), бизнес және құқық (4 539), инженерия (3 374) және IT (2 141).
Айта кетейік, жаңа оқу жылының басында Sarapshy.info редакциясы Батыс Қазақстандағы ЖОО-лардың оқу ақысын зерттеп көрді.
Толығырақ оқыңыз: Қазақстандағы ЖОО-ларда оқу ақысы қанша?

